
2. Құтқарылу сыйы туралы – рақым керемет қуанышты хабар!
Жаңа өсиеттің Мәсіхтің өмірі туралы, Оның өлімі мен қайта тірілу туралы алғашқы
кітаптары – Ізгі хабарлар деп аталады. Інжіл, бұл грек сөзі – қуанышты немесе жақсы
жаңалық.
Қуанышты, ізгі, ізгі хабардың мәні неде? Оның мәні мәңгілік өмір – бұл бүкіл
адамзат үшін Құдайдың сыйы. Біз өз кушімізбен еш уакытта күнәміздән ақтада алмаймыз.
8 Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы
құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.
9 Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім
мақтанбасын.
(Ефестіктерге арналған хаты 2:8-9).
Марк Твеннің романында «Ханзада мен қайыршы» ойын кезінде байқаусызда ханзада
Эдуард Vi әдейі бұзақылықпен аяқ астынан тап болған қайыршы баланың киімін ауыстырып киіп алады Екі тамшы судай екеуі өте қатты ұқсас еді. Бір сәтте қайыршы бала кең сарайда өте жоғары патшаның мәртебесіне жетеді және патша сарайының барлық артықшылықтарына ие болады.
Оған әртүрлі азық-түлікті әкеледі, сәнді пәтерлерде ұйықтайды, әртүрлі құрметке бөленеді. Келіңіздер, оған бір сәтке елестетіп көрелік ол өзіне тосыннан жауған рақымға қалай сезінді .Сырт келбеті ханзадаға өте ұқсас болғандықтан, оны ешкім білген жоқ ханзада емес екенін. Ханзадаға берілетін үлкен сый-сыяпаттың бәріне ие болды.
Өте ұқсас суреттеме: Адамдар Істері арқылы күнәсінан ақтала алмайды. Құдайдын адамдарға деген рақымы арқылы, сол үшін ешкім мақтана алмайды…. Киелі кітаптың адам жөнінде не айтатына назар аударсақ Құдайдың рақымы жайында толығырақ түсініктеме аламыз.
2. Құтқарылу сыйы туралы – рақым керемет қуанышты хабар!
2. Құтқарылу сыйы туралы – рақым керемет қуанышты хабар!
5. Иса Мәсіх туралы
Киелі кітапта Иса Мәсіх шынайы Құдай және шынайы адам, ОЛ көктен адам бейнесінде
келген Құдайдың жалғыз ұлы делінген. Жер бетінде бірде-бір күнә жасамай,сайтанның
азғыруына берілмей, Голгофтағы айқыш ағашқа шегеленіп,өліп, тозаққа барып,тозақ
пен жұмақтың кілітін алып үш күннен кейін тіріліп кеткен тірі Құдай.Тірілгеннен
кейін 40 күнге дейін оның тірілгеніне 500 ге жуық адам куәгер болды.Көкке котеріліп,
Көктегі Әкенің оң жағында отыр .Қазіргі кезде ОҒАН сенімін артқан әрбір адам құтқарылады.
Мәсіх адамның қатынасысыз, Киелі рухтан Мәриям деген пәк, таза кыздың құрсағында
пайда болып, туылып, адам бейнесінде жер бетіне келді.
30 Ал періште оған: — Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын
түсірді.
31 Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса деп қоясың.
32 Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп
аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды.
33 Иса Жақыптың үрім бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді.
34 Сонда Мәриям: — Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан
емеспін ғой! — деп сұрады.
35 Періште оған былай деп жауап берді: — Саған Киелі Рух қонып
Құдай Тағала сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады. Сондықтан да сен
табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ.
(Лұқа 1)
Сондықтан оның гендерінде Адам атаның бастапқы күнәсі болмады. Мәсіх күнә деген
ауырумен ауырмады. Ол мүлдем қасиетті және таза болды. Сондықтан Ол бүкіл әлемнің
күнәларын өз мойнына алатын жалғыз құрбандыққа арналған тоқты.
Адам атамен Хауа ананы азғырғандай сайтан Мәсіхті де қанша жерден азғыруға тырысқанымен, Мәсіх бірде-бір азғырып, күнә жасаған жоқ.
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес,
қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә
жасаған жоқ.
(Еврейлерге 4:15)
Өзінің міндетін орындап, Құдай Патшалығы оған кіру туралы уағыздады, қызғаныштан
сатып жіберілді, Мәсіх ауыр азапқа ұшырады және айқышқа шегеленіп өлді. Оның қасиетті
аузынан шыққан ең соңғы сөздер мыналар болды: Мәсіх қатты дауыстап айқай салды –
«Орындалды»-деп. (Жоханның інжуі 19:30).
Инжилде грек тіліндегі «тетелестай»- пайдаланылады. Сол күндерде бұл нені білдіреді,
оның мағынасы қандай?
Біріншіден, Жаңа Келісімнің грекше-орысша сөздікке сәйкес, бұл сөз борыштарды
жинау туралы түбіртектерге жазылған және осы тұрғыда оның маңызы – толық төленген.
Сол қанды айқышта не орындалды.Бүкіл адам-заттың күнәсі үшін толығымен төлем берілді.
Біздің күнәміз үшін баға жетпес құн төленді.Сол үшін Құдайды барлық жан-тәнімізбен
мадақтайық!!!

Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше
денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
(Қорынттықтарға 1-хат 6:20)
18 Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың
үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес,
19 Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан
болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі.
(1 Петір 1: 18-19)
8 Тоқты соны қолға алған кезде төрт нөкер мен жиырма төрт ақсақал Тоқтының
алдына бас ұра жығылды. Әрқайсысының қолында домбыраға ұқсас алтын аспап
және түтетілетін хош иісті заттарға толы алтын табалар болды. Осы хош иісті
заттар Құдай халқының айтқан мінажаттарын білдіреді.
9 Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді: — Сен
лайықсың кітапты қолыңа алуға Және мөрлерін бұзып, оны ашуға! Өйткені құрбан
болып, қаныңды төктің, Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан Шыққандардың
төлемін өтеп босаттың, Һәм Құдайға оларды бағыштадың,
(Аян 5: 8-9)
Екіншіден, бұл құжат қылмыс тізбесінде қылмыскерге жазылған кезде, сол үшін олар
толық көлемде төленгенін және заңдылық пен тетелейистер қоғамының алдында таза болғанын және бұл тұрғыда үкімді орындалуын білдіретінін айтты.
Яғни, бұл хабар бүкіл адамзаттың Мәсіхтің қымбатты қанымен құтқарылып толығымен
төлем төленгенін білдіреді.
Соңғы лебі шығып Мәсіх өлді.Рімдік әскерлері жүрегіне қылыш тығып оның өлгенін
тексерді. Мәсіхтің жерленуі яхудей халқының құтқарылу мейрамына сәйкес келді. Мәсіх
жартастан үңгіп қазылған қабірге жерленді.
Бірақ оның жаны біраз уақыт, тірілгенше жердің асттында болды. Жазадан кейін үшінші күні Мәсіх тірілді! Өлім патшалығының үстінен билік алып,өз денесінде өлгендердің ішінде «бірінші» болып тірілді.
Одан кейін өзінің шәкірттерінің арасында 40 күн ге дйін келіп жүріп кокке солардың көзінше кетті.

9 Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны
көзден таса қылды.
10 Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт
қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып:
11 «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа
қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай
кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.
(Елшілердің істері 1: 9-11)
Енді Мәсіх Құдай Әкесінің оң жағына отырды және барлық адамдарға құтқарылуды
ұсынады.
Өкінішке орай, адамдардың барлығы біле бермейді, айқыш ағашта адамға қажет қандай,
өте мағаналы және маңызды, ауадай қажет алмасудың болғанын, соның ішінде жеке сізге
де қатысы бар…. Ал енді сөйлесіп көрейік бұл тарихтың маған қалай қатысы бар.
Ол үшін келесі бетке назар аударыңыз.