top of page
1. Мәңгілік өмір туралы

Сіз қалай ойлайсыз, барлық діннің мақсаты не?, соның ішіңде мәсіхшілік? Қандай
маңызды сұраққа әр дін өзінше жауап береді. Бұл жердегі маңызды сұрақ және маңызды
тақырып: «Мәңгілік өмір туралы».

children_at_a_free_school.jpg

Бұл жерде Мәсіхші қауымының мақсаты, бүкіл әлемге мәңгілік өмірдің бар екені
жайындагы ақиқатты жеткізу.
Өйткені біздің жердегі өміріміз қаншалықты кермет болғанымен,
шектеулі. Қарт адамдардан сұраңыз. 

Олар айтады қаншалықты өмірдің көз алдында жүйткіген поездай өте шыққанын.Балалық шақ,мектеп,уйлену одан бала, немере . Енді міне мен
мұндамын….. арқамда жетпіс жыл өмірім. Енді мені не күтіп тұр, не болады? 

33765851.jpg

Киелі кітапта жазылған

«Енді сендер күнәнің и үстемдігінен босатылып, Құдайдың қызметіне
кірдіңдер. Бұның өнімі — Құдайға бағышталған қасиетті өмір. Ал түпкі нәтижесі —
мәңгілік өмір

(Римдіктерге арналған хат 6:22)

«Өткінші тамаққа емес, мәңгілік өмір беретін рухани нәрге ұмтылыңдар! Оны сендергекөктен келген Мен ғана бере аламын, өйткені Құдай Әке Маған билігін берді.»

 

(Жоханның  Інжілі 6:27).

Әр адам сот алдында Құдаймен жүздеседі.

Құдай адамның бір рет өліп, содан соң қиямет сотының алдында тұратынын белгілеген.»
(Еврейлерге арналған хат 9:27)

Біреулер үшін өте қорқынышты сот азаптау орнына көшетін.

11 Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды и көрдім.
Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады.

 

12 Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар
ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда
жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.

(Аян 20).

Ал біреу үшін сыйлық пен мәңгілік бақытты алатын уақыт болады.

 

… әрқайсымыз да еткен еңбегімізге қарай Тәңір Иемізден лайықты сыйымызды алатын боламыз.

 

(1 Қорынттықтарға 3: 8)

Біз сіздерге мәңгілік туралы мәселені түсінуге көмектесетін екі сұрақты ұсынамыз.

Мәселен, бірінші сұрақ осылай болады: Жердегі өмірім аяқталғанда, Құдаймен бірге
мәңгілік өмірге дейін жалғасатынына сенімдемін бе?
 Яғни мәңгілік өмірге деген сенімділік
мәселесі. Құдаймен мәңгілік өмірге сенімді болу мүмкін бе? Егер бұл мүмкін болса,
онда мұндай сенімнің негізі қандай?

Екінші сұрақ мынадай нәрселерден көрінеді: құдіреті шексіз Құдайды танытқаннан
кейін, ол мені көктегі жұмаққа шақыруына мен оған қандай дәлел келтіре аламын?
 Яғни, менің үмітім – Құдаймен мәңгілік өмір туралы не үміт етемін?

Киелі кітаптың басты мақсаттарының бірі адамның мәңгілік өмірге деген сенімділігі
бар екенін білесіз бе? Бұған Елші. (1 Жохан 5:13)

Сіз қалай жауап бересіз? Өзіңіздің жауабыңызды таптыңыз ба? Киелі кітапты білгіңіз
келе ме? Бұл сайттың мағынасы – оны түсінуге көмектесетін нәрсе. Егер сізді қызықтыратын
болса онда рухани ізденістің негізі бола алатын келесі Киелі шындықтарды әрі қарай
мұқият зерттеңіз.

Мәңгілік өмірге күмәнданатындар үшін.

Күмән орынды.

24 Исаның он екі шәкіртінің бірі, Сыңарлас деп те аталған Тома,
Иса оларға келген кезде араларында жоқ еді. 

25 Басқа шәкірттер оған: — Біз Иемізді көрдік, — дегенде, Тома: —
Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын
сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстамасам, Оның тірілгеніне еш
сенбеймін, — деп жауап берді.

26 Бір аптадан кейін Исаның шәкірттері тағы сол үйге жиналды,
олармен бірге Тома да болды. Есік бекітілген еді, бірақ Иса кіріп келіп,
орталарына тұра қалды да: — Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. 


27 Содан кейін Томаға: — Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара,
алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! — деді. 

28 Тома Оған: — Ием менің, Құдайым менің! — деп мойынсұнды.

29 Иса: — Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені

көрмесе де сенетіндер бақытты! — деп жауап берді.

 

(Жохан 20:24-29)

Фома олармен бірге емес еді. Мәсіх Фоманың күмәнін жоққа шығарып, Исаны қайта
тірілту кезінде оған айғақ беруді талап етті. Мәсіх Фоманы сенімсіздігі үшін әшкереледі
бірақ бұл күнә деп айтқан жоқ. Фома алданып қалудан қорқытқандықтан, оның күпірлігі
таза ниетті болды. Анықтаманы алғаннан кейін ол Мәсіхтің алдында бас ұрып,Оны Құдайым
және Құтқарушым деп мойындады. Біз Мәсіхті денеде көре алмаймыз. Бірақ Оның бар
екенін және мәңгілік өмірдің барын.

Біздің сайттағы «Доказательства» бөлімінде сіз кітап оқи аласыз:

Джош Макдауэлл. Талғамайтын дәлелдер.

Тарихи дәлелдер, фактілер, христиандық құжаттар.

Eternity 4 you

Art Christian Group

bottom of page