
2. Құтқарылу сыйы туралы – рақым керемет қуанышты хабар!
Жаңа өсиеттің Мәсіхтің өмірі туралы, Оның өлімі мен қайта тірілу туралы алғашқы
кітаптары – Ізгі хабарлар деп аталады. Інжіл, бұл грек сөзі – қуанышты немесе жақсы
жаңалық.
Қуанышты, ізгі, ізгі хабардың мәні неде? Оның мәні мәңгілік өмір – бұл бүкіл
адамзат үшін Құдайдың сыйы. Біз өз кушімізбен еш уакытта күнәміздән ақтада алмаймыз.
8 Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы
құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.
9 Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім
мақтанбасын.
(Ефестіктерге арналған хаты 2:8-9).
Марк Твеннің романында «Ханзада мен қайыршы» ойын кезінде байқаусызда ханзада
Эдуард Vi әдейі бұзақылықпен аяқ астынан тап болған қайыршы баланың киімін ауыстырып киіп алады Екі тамшы судай екеуі өте қатты ұқсас еді. Бір сәтте қайыршы бала кең сарайда өте жоғары патшаның мәртебесіне жетеді және патша сарайының барлық артықшылықтарына ие болады.
Оған әртүрлі азық-түлікті әкеледі, сәнді пәтерлерде ұйықтайды, әртүрлі құрметке бөленеді. Келіңіздер, оған бір сәтке елестетіп көрелік ол өзіне тосыннан жауған рақымға қалай сезінді .Сырт келбеті ханзадаға өте ұқсас болғандықтан, оны ешкім білген жоқ ханзада емес екенін. Ханзадаға берілетін үлкен сый-сыяпаттың бәріне ие болды.
Өте ұқсас суреттеме: Адамдар Істері арқылы күнәсінан ақтала алмайды. Құдайдын адамдарға деген рақымы арқылы, сол үшін ешкім мақтана алмайды…. Киелі кітаптың адам жөнінде не айтатына назар аударсақ Құдайдың рақымы жайында толығырақ түсініктеме аламыз.
2. Құтқарылу сыйы туралы – рақым керемет қуанышты хабар!
2. Құтқарылу сыйы туралы – рақым керемет қуанышты хабар!
8. Рухани өсе отырып, Мәсіхтің киелілігіне ұқсау процессі
Құтқарылу, мәңгілік өмір сыйы – рухани өмірдің нағыз заңды аспектісі емес. Құтқарылуды
қабылдау – бұл процесс, бірақ бұл Құдаймен рухани өмірдің бастауы ғана.
Құтқарылудың мәні – жүзімде қалып, Құдайдың өміріне генетикалық түрде ену. Тәңіріміз
Иса Мәсіх бұл процесті келесі метафорада сипаттайды:
1 — Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем «жүзім
өсіруші».
2 Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем
кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
3 Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп,
рухани таза болдыңдар.
4 Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз
байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса
ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста
тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.
5 Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз
байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім
бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.
6 Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар
іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып,
отқа жағылып, жанып кетеді.
7 Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің
сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен
сұраңдар, сонда аласыңдар.
8 Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол
арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
9 Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін.
Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер!
10 Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап
жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді
қабылдап жүресіңдер.
11 Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі
қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым.
12 Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді Менің өздеріңді
сүйгенімдей сүйіңдер!
13 Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін
өмірін құрбан етуі.
14 Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар.
15 Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп
жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен
естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
16 Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап
алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп
тағайындадым. Сонда Менің атымнан не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді.
17 Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді сүйіңдер!
(Жохан 15: 1-17)
Өсіп жатқан жүзім бұтақтарында тоқтаңыз, ол Мәсіхтің өзі .Оның өмірімен өмір
сүріп, шырынына сіз арқылы ағуға мүмкүндік беру, бізге өмір беріп нәрлендіреді.
Рұхсат беріңіз, бес практикалық қарапайым рухани істерді ұсынуға. Бұл тірі процесте
шын мәнінде біз Құдайдың сөзінің дәнінен туылдықпа?
1. КИЕЛІ КІТАП.
Күнделікті Құдай Сөзін оқыңыз. Сіз Лұқа жазған Ізгі хабардан бастай аласыз. Жазба,
Құдай туралы білімнің бастапқы көзі, құтқарылу жолы және тағы басқалар.
Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын
шашады.
(Забур 118:105)
2 Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің
«таза сүтіне» құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің
құлдығынан толығырақ құтқарыла аласыңдар.
3 Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар.
(1 Петір 2: 2-3)
Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, сіз қызметкерлерінен сұрай аласыз.


2. МІНӘЖАТ
Күн сайын мінәжатқа уақыт бөліңіз Құдаймен сөйлесіңіз. Мінәжат – жүректен шыққан
қарапайым сөздер .Сол сөздер арқылы Құдайға деген сүйіспеншілігімізді айтып,Оған
рахметімізді айтамыз рақымы үшін,үмітімізді артамыз, Өте маңызды біздің мінәжаттарымыз Киелі кітәптан табылатын және ондағы киелілер мен Тәңіріміз Иса Мәсіхтің сөзімен келтіру.
Ал сендер мінажат еткенде өз бөлмелеріңе кіріп, есігін жауып алып, көзге көрінбейтін Әкелеріңе сиыныңдар! Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
(Матай 6: 6)
3. ҚҰДАЙДЫҢ ҚЫЗЫМЕТІ.
Мүмкіндігіңізше қауымда жексенбі сайын болатын,Құдайдың қызыметінен қалмауға
тырысыңыз.
Бұл сізге рухани күш пен байлығын сыйлайды Құдайдың халқымен бірге.
Кейбіреулер сенушілердің жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой.
(Еврейлерге 10:25)


4. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.
Сізге Иса Мәсіхте рухани өсуге көмектесетін сенушілермен карым-қатынаста болыңыз.
3 Сендер бізбен байланыста болсын деп, өзіміз көріп, естігеніміз туралы хабар беріп отырмыз. Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.
4 Ортақ қуанышымыздың толық болуы үшін сендерге бұларды жазып отырмыз.
(1 Жохан 1: 3-4)
5. КУӘЛІК.
Сіздің өміріңізде болып жатқан жақсы өзгерістермен,рухани ашықтықтарыңызбен бөлісіңіз.Мүмкін сіздің жақыныңызға ол жауап болып табылады. Көптеген адамдардың өмірінде шешілмеген сұрақтар өмірлеріне ауыртпашылық әкеліп жатқан болар ал, нағыз сіздің куәлігіңіз оған жарылқау жауабы болып табылар. Бірде, Құдайдың рақымымен кездескен адамға, Мәсіх былай деді: Үйңе барып жақындарыңа айт, сенімен не істеді Құдай, мейрімін калай көрсетті.
Бірақ Иса оған рұқсат бермей: — Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды.
(Марқа 5:19)

Құдай әлеміне, Киелі кітәп әлемге, Рухани әлеміне, сүйіспеншілік әлеміне,
игілік пен еркіндікке шексіз әлемге қош келдіңіз!